Жемқорлыққа қатысты 33 қылмыс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа қатысты 33 қылмыс тіркелді

27.09.2019

Жыл басынан бері Шымкент қаласының құқық қорғау органдарына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалған. Шаһардағы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласында да жемқорлық белең алып тұр. Мәселен, «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің директоры мемлекеттік бағдарламаға бөлінген бюджет қаржысын жымқыруға әрекеттенген. Ал Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы жануарларды тексермей, ветеринарлық сертификаттарды заңсыз беруді ұйымдастырғаны үшін сотты болды. 

Сондай-ақ, Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту сылтауымен кәсіпкерден 400 мың теңге және қымбат қол сағат алғаны үшін темір торға қамалды. 

Асхат Жұмағали, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы: 

Жалпы алғанда жыл басынан сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 33 тұлға, оның ішінде 1 республикалық, үшеуі облыстық, 2 аудандық деңгейдегі басшылар ұсталған. 25 тұлға сотталған. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу