Сал ауруына шалдыққан балалар саны көбеюде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сал ауруына шалдыққан балалар саны көбеюде

27.09.2019

Қазақстанда сал ауруымен ауыратын балалардың саны азаймай отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдары осындай ауыр дертке шалдығып туған балалардың қатары бірнеше есеге артқан. Ал мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыстар баяу. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин осы мәселелерге нақты шаралар қабылдануы тиіс деп отыр. Өйткені шала туған нәрестелердің соқыр болып қалу эпидемиясы да өршіп тұр. 

Ал олардың жанарын қалыпқа келтіруге мүмкіндік бар. Ол үшін ем-дом алғашқы екі-үш күнде көрсетілуі қажет. Алайда ондай орталықтар екі-ақ өңірде ғана бар. Осындай проблемаларды айтқан омбудсмен әкімдерден түрлі концерттерге жұмсайтын қаржыны балалар игілігіне бағыттауды сұрады. 

Аружан Саин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл: 

Қаржылық саясатты қайта қарау керек. Қажеті шамалы шараларға жұмсалатын қаржы керісінше балалардың денсаулығына, олардың сапалы білім алуларына жұмсалуы тиіс. Бұл – болашағымызға құйылған инвестиция болады. Нәтижесінде, дені сау, білімді ұрпақ өседі. Әр бала кем дегенде екі үйірмеге бара алуы тиіс. Осы бағыттарда жұмыс жүргізілуі керек деп есептеймін.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу