Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай терезесі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай терезесі таныстырылды

27.09.2019

Енді eoz.kz порталында Қазақстан бойынша жүргізіліп жатқан сатып алулар орналастырылады. Бұл алдымен өнімді жеткізушілер үшін тиімді болмақ. Нарықта қандай тауарлардың сұранысқа ие екендігін, өнімнің орташа бағасын және тағы да басқа пайдалы ақпараттарды осы сайттан анықтауға болады. 

«Сондай-ақ, бұл мемлекеттік сатып алуға кететін уақытты едәуір қысқартады», - дейді мамандар. Ең бастысы, осы салады жиі болатын жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республика бойынша жасалып жатқан келіссөздердің барлығын онлайн бақылап отыратын болды.

Олжас Бектенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

Тауарлар немесе қызметтердің бағасы орташа деңгейдегі бағадан едәуір жоғары болса, біздің тараптан міндетті түрде ұсыныс жіберіледі. Неге осы бағаларыңыз жоғары болып тұр? Егер ешқандай нәтиже шықпаса, біз арнайы тексерістер тағайындап, қылмыстық бағытындағы қылмыстық кодекспен көзделген шараларымыз бар. Соларды қолданамыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу