Автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 50-ге жуық тексеріс ұйымдастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 50-ге жуық тексеріс ұйымдастырылған

26.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 13 шақырым асфальтты төсеу кезінде құрылыс материалдарына бөлінген қаржы жымқырылған. Сол себепті 1 жыл бұрын 400 миллион теңгеге салынған жолдың сапасы сын көтермейді, қайта жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен баспасөз мәслихатында мониторингтік топтың өкілдері айтты. Жалпы еліміз бойынша автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне осы жылдың мамыр айынан бастап 50-ге жуық тексеріс ұйымдастырылған. Нәтижесінде 70-тен астам заң бұзушылық факт анықталды. Компаниялардың көбінің техникалық қадағалау жөнінде құжаттары болмаған.

Дәулет Қалдығожин, «Сапалы Жол» жобалық кеңсесінің әкімшісі:

Ұлттық орталықтың филиалдарымен бірігіп, 900-ге жуық бұзушылық анықталып, олардың 63 пайызы бүгінгі күнге дейін әлі жөнделмген. «Сапалы жол» адалдық алаңы жобалық кеңсесі бірге кірісіп, осы шаруаларды алып тастау үшін агенттіктің тарапынан барлық аумақтық әкімшіліктерге хат жолданып отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу