Қыруар қаржыға салынған жолдың сапасы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыруар қаржыға салынған жолдың сапасы сын көтермейді

26.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысында бір жыл бұрын 400 миллион теңгеге салынған жолдың сапасы сын көтермейді, қайта жөндеуді қажет етеді. Ұзындығы 13 шақырым асфальтты төсеу кезінде құрылыс материалдарына бөлінген қаржы жымқырылған. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен баспасөз мәслихатында мониторингтік топтың өкілдері мәлімдеді. 

Жалпы, еліміз бойынша автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне осы жылдың мамыр айынан бастап 50-ге жуық тексеріс ұйымдастырылған. Нәтижесінде 70-тен астам бұзушылық анықталды. Көбінде компаниялардың техникалық қадағалау жөнінде құжаттамалары болмаған. 

Дәулет Қалдығожин, «Сапалы жол» жобалық кеңсесінің әкімшісі:

Ұлттық орталықтың филиалдарымен бірігіп, 900-ге жуық бұзушылық анықталып, олардың 63 пайызы бүгінгі күнге дейін әлі жөнделмген. «Сапалы жол» адалдық алаңы жобалық кеңсесі бірге кірісіп, осы шаруаларды алып тастау үшін агенттіктің тарапынан барлық аумақтық әкімшіліктерге хат жолданып отыр. 

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу