Жараланған әскерилердің жағдайы түзелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жараланған әскерилердің жағдайы түзелді

25.09.2019

Арыс маңындағы жарылыста жапа шеккен үш әскеридің жағдайы – қанағаттанарлық. Науқастар Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальге ауыстырылды. Бұл туралы хирургиялық жұмыс бойынша әскери медициналық мекемінің басшысы медициналық қызметтің полковнигі Омаров Ғалымжан мәлімдеді. Оның сөзінше, қазірігі күні әскерилердің беті бері қараған. Тиісті ем-дом алып жатыр. Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан полигон аумағында "оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылып", он сапер жараланған болатын

Ғалымжан Омаров, Әскери медициналық мекеменің басшысы:

Кейбір БАҚ-та әскерилердің жағдайы ауыр дейді. Ол шындыққа жанаспайды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Профильдік бөлімдерге ауыстырылды. Шұғыл әскери госпитальге жеткізілді. Туыстарының кіре алмай жатырмыз дегені де жалған ақпарат. Олар реанимация бөліміне де жіберілді. 

Хабарламаларға жазылу