Биыл елімізде егіннің шығымы төмен әрі оның сапасы да сын көтермейді. Элеваторға түскен егіннің 68 пайызы ғана 3-ші класқа сай. Осыған орай, бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде шұғыл селекторлық жиналыс өтті. Қазіргі таңда, 11 миллион гектар аумақ орылған. Бұл жалпы егіннің 71,5 пайызы. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты егінді жинау 10-15 күнге созылып кетуі мүмкін. Әзірге, орақ науқаны тек Түркістан облысында аяқталды. Еліміз бойынша, жиын-терімге 395 мың тонна жеңілдетілген жанармай бөлінгенін айта кетейік.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі:
Біз 1 миллион тонна... Нанның бағасы көтерілуі мүмкін. Ортақ баға шығартқызамыз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ