Ерекше балалар назардан тыс қалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше балалар назардан тыс қалмайды

24.09.2019

Атырауда ерекше балаларға арналған инклюзивті сынып пен оңалту орталығы ашылады. Бірегей бастама Тұңғыш Президент, Елбасының «Қамқорлық» жобасы аясында жүзеге асуда.  Өңірдегі 3448 мүгедек баланың 80 пайызы оңалту орталығының көмегіне мұқтаж. Ал, 6000 мыңға жуық ерекше баланың 22 пайызы ғана инклюзивті біліммен қамтылған. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде, сұраныс пен қажеттілік өз деңгейінде орандалады. Игілікті істің толыққанды орындалуы үшін 122 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ.  

Динара Закиева, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Біз ерекше балаларға оқушылар сияқты мектепке барып білім алуы үшін жағдай жасаудамыз. Олар озық тәжірибемен оқытылып, арнайы тьютор мамандардың бақылауында болады. Ал, ауруханадағы оңалту орталығы, айына 50, жылына 600 балаға тегін көмек көрсетпек. Инклюзивті сынып пен оңалту орталығы 2-3 айдың ішінде ашылады деп жоспарлаудамыз.  

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу