Бизнес капитандар келісімге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнес капитандар келісімге әзір

24.09.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Олардың ішіндегі ең салмақтысы америкалық бизнес капитандарымен өткен жүздесу болды. Бұл алпауыттармен арада бұған дейін айтарлықтай байланыс болмапты. Amazon, Plug&Play,Tyson Foods, Marmot Industries сияқты компания басшылары Қазақ президентімен кездесудің нәтижесі жемісті боларына сеніп отыр.

Саид Амиди, «Plug&Play» компаниясының бас атқарушы директоры:

Біз жылына 2 мыңнан астам жобаны қаржыландырамыз. Біздің кеңселеріміз Әлемнің түкпір-түкпірінде бар.Қытайда оннан астам, Еуропа елдерінде 20шақты бөлімшемізжұмыс істейді. Қазақстанға да бірқатар стартап жобаларымызды апарғымыз келеді. Бүгін ғана Астана хаб айти стартаптар технопаркіне, Би-ай груп компаниясына хат жолдадық.  


Хабарламаларға жазылу