Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтер сыйға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

24.09.2019
Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Сондай-ақ, өңір басшысы Бекзатқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. 

«Әрі қарай шыңдала бер. Жеңісті сәттер көп болсын! Сондықтан Ақтаудың төрінен пәтер сыйлаймыз. Осындай жетістікке жеткізген бапкерлерінің еңбегі зор», - деді Серікбай Трұмов. 

Бапкерлерін ерекше атаған аймақ басшысы оларға да қаржылай марапат сыйлады. Бекзаттың жас кезіндегі бапкері Батырбек Жайлыбаевқа 3 млн теңге, Марат Жәкиевке 5 млн теңге берілді.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу