Жаңа көпқабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес Қобыланды даңғылының бойынан салынған. Жалпы биыл облыста мемлекеттік бағдарлама бойынша 330 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілмек. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Жаңа баспанаға ие болғандардың 16-сы апатты үйлердің тұрғындары, 30-ы аз қамтылған отбасы мен жетім балалар. Ал 12-сі көпбалалы отбасы.
Дәуренбек ӘБДІБЕК