Арыстағы жарылыс: 3 адам ауыр хәлде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы жарылыс: 3 адам ауыр хәлде

23.09.2019

Арыс маңындағы жарылыста жапа шеккен үш әскеридің хәлі ауыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үкімет отырысынан кейін мәлім етті. 21-ші қыркүйек күні зардап шеккен 10 сапер жедел ауруханаға жеткізілген. Министрдің айтуынша, әскери бөлімнің маңайы қару-жарақ қалдықтарынан толық тазартылған. Сондықтан, қала тұрғындарына еш қауіп жоқ. Қазіргі таңда, қару-жарақ қоймаларының ішін көшіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Ғабит БӨКЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу