Нұрлан Нығматулин Словакия Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматулин Словакия Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

23.09.2019
Нұрлан Нығматулин Словакия Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесіп, мемлекетаралық, соның ішінде, парламентаралық әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылады. 

Мәжіліс төрағасы мейманға Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін арнайы келгеніне алғыс білдіріп, бұл Словакия мемлекетінің жан-жақты әріптестікті тереңдетуге деген ынтасының көрсеткіші екенін айтты. Қазіргі уақытта елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог орнап, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар жүйелі жалғасын тауып келеді. Осы жолда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық миссияны Елшілік ретінде қайта құру туралы шешімі - өзара ықпалдастықты қолдаудың дәлелі. Халықаралық мәселені сөз еткенде Нұрлан Нығматулин Словакияның осы жылы ЕҚЫҰ төрағалық етіп отырғанына ерекше тоқталып, аталған халықаралық ұйыммен ынтымақтың маңыздылығына тоқталды. Н.Нығматулин Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы «байланыстырушы көпір» болғандықтан, басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамытудың барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажеттігін айтты. Мысалы, біздің еліміз өнеркәсіп, инновация, балама және жаңартылған энергия көздері саласында жоғары технологиялы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ынталы. Сондай-ақ, «ASTANA HUB» халықаралық IT-стартаптар технопаркі, жасыл технология және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы аясында бірлесе жұмыс істеудің мүмкіндігі зор. 

Өз кезегінде Андрей Данко біздің елдеріміз әріптестігінің әлеуеті зор екенін, Словакия елі екіжақты, соның ішінде, парламентарлық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу