Орал қаласындағы балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласындағы балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылады

20.09.2019

Орал қаласындағы балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылады. Жоба Тұңғыш Президент, Елбасының «Қамқорлық» бастамасының аясында қолға алынбақ. Қазір ауруханада 11 орындық оңалту бөлімшесі жұмыс істейді. Мұнда сал ауруына шалдыққан балаларға массаж, арнайы жаттығулар жасалып, физио ем-шара көрсетіледі. Жылына 600 бала оңалтудан өтеді. Жалпы өңірде 2200-ден астам мүгедек бала бар. Солардың 624-і сал дертіне шалдыққан. Ал келер жылы жаңа орталық ашылған кезде орын саны 20-ға көбейеді. Елімізде осындай ауруханалар жанынан 8 орталық пен инклюзив кабинеттер ашылмақ.

Динара Зәкиева, Тұңғыш Президент - Елбасы қорының жобалық кеңсесі жетекшісі:

Елбасы қорының жобалық кеңсесі осындай орталықтар ашылатын барлық өңірді аралап жүр. Солардың бірі - осы Орал қаласындағы балалар ауруханасы. Айына 50 баланы тегін қарайды. Аурухана жарық, кең, ешқандай жөндеу керек емес. Енді тек құрал-жабдық сатып алуға 80 миллион және мамандарды оқытуға 30 миллион теңге жұмсалады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу