Дауыл салдарынан Петропавлда жарық өшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыл салдарынан Петропавлда жарық өшті

20.09.2019

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында дауыл тұрып, Тайынша мен Тимирязев аудандарында желдің күші секундына 30 метрге дейін жетті. Зардап шеккендер жоқ. Петропавлдың өзінде қатты желден ағаштар құлап, жарық өшкен. Төтенше жағдайлар департаменті алдағы аптада да күн райының бұзылатынын хабарлайды. 

Қымбат Мерғалимова, «Қазгидромет» РММ филиалының директоры: 

Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжыған циклон қазіргі күні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында. Осыған байланысты желдің жылдамдығы секундіна 17-ден 28 метрге дейін жетті. Осыдан 50 жыл бұрын секундына 35 метрге дейін де барған. Алдағы дүйсенбі-сейсенбі күндері жел қайта күшейеді. 

Сағындық Сәбитұлы 

Хабарламаларға жазылу