Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылықтан абай болуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылықтан абай болуға шақырды

19.09.2019

Бас прокуратура қазақстандықтарды арандатушылықтан абай болуға шақырды. Үгіт насихат жүргізіп, халықтың арасына іріткі салғысы келетін 8 ұйым бүгінде заң жүзінде экстремистік топ деп танылған. Олардың қатарында Мұхтар Аблязов та бар. Онымен бірге жұмыс істеген 42 адам сотталған. Жалпы бюджетке келтірген шығыны 7,5 миллиард доллар болып отыр. Бюджет қаржысын жымқыру арқылы сыртқа шығарған ақшасының 1 миллиард доллардан астамы елге қайтарылған. Жұмыстар әлі жалғасуда. «Халықтың қаржысын ұрлаған адам енді халықты билікке қарсы үгіттеп отыр. Осыдан абай болуымыз керек»,- деді прокуратура өкілі.

Сапарбек Нүрпейісов, ҚР Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы: 

Ананың, мынаның айтқанына сеніп, бүгінгі күні осындай шерулікке, наразылыққа шықсақ деген сұрақтарды көтеріп, бір бірін шақырып жатады. Біз тағы да айтып кетеміз көрінген арандатушылыққа, азғыруға еріп қажеті жоқ. Өйткені көріп отырсыздар ғой, мемлекеттің жеткен жетістіктерін. Қазіргі тұрақты өқмірді, бейбіт өмірді.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу