Мұны қоқыс жинаумен айналысатын коммуналдық мекеме талап етіп отыр. Өйткені, тұрғындар берешегі 150 млн. теңгеге жеткен. Қазір мекеме айына 500-600 борышкерді сотқа беріп жатыр. Тағы бір себеп – техниканың тозуы. Қосалқы бөлшек пен жанармайға да шығын көп кетеді дейді кәсіпорын басшылығы. Әрі жалақы төмен болғандықтан, жұмысшы да тұрақтамайды. Коммуналдық мекемеде 150 адам еңбек етеді. Қазір баға кісі басына көпқабатты тұрғын үйлерде – 193, жеке секторда - 197 теңге.
Рафхат Данағұлов, "Орал Таза Сервис" ЖШС директоры:
Талап етіп отырған тарифіміз 280-285 теңге шамасында. Тарифті көтерген жағдайда біз, ең біріншіден, техникамызды жаңарту жоспарда тұр. Себебі техниканың 80 пайызы ескірген. Екіншіден, жүргізушілер мен жұмысшылардың жалақысын көтеру.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ