«Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен толеранттылық ел дамуының басты кепілі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен толеранттылық ел дамуының басты кепілі»

19.09.2019

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньер осылай дейді. Жоғарғы комиссар Гаагадағы кеңсесінде жақында өткен Қазақстанға сапарын қорытындылады. Айтуынша, сапар барысында ол ел Президенті, билік және қоғам өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы қоғамдық саяси-ахуал, этносаралық қатынастарға қатысты бірқатар келіссөздер жүргізген. Ламберто Заньер этностардың тілдерін дамытуға үкімет тарапынан жасалған жағдайды, этносаралық, дінаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалап отыр.  

Ламберто Заньер, ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары:

Қазақстанға сапарым жемісті болды. Нұр-Сұлтан, Петропавл, Алматы қалаларында болып, бірқатар серіктес институттарды аралап, ел Президенті, билік, азаматтық қоғам, түрлі ұлт өкілдерімен кездесіп, пікіралмастым. Орыс, ұйғыр мектептеріне барып, олардың өз тілдерінде еркін білім алып жатқанына куә болдым. Қазақстанда ұлтаралық қатынастардың қалыптасқан дәстүрі бар. Осы мультиэтникалық саладағы толеранттылық тәжірибесі көпке үлгі. Президент Қ. Тоқаев елдің болашағы үшін бірнеше салада модернизация жасайтынын және қазақ тілін дамытуға молырақ қаржы бөлінетінін айтты. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз және бар тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бұған қоғамның әрбір тұрғыны қолдау көрсетуі тиіс.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу