Алматы облысының Талғар ауданындағы «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагері жұмысын бастады.
«Бүгінгі буынның бойындағы патриоттық сезімді оятып, елжандылыққа тәрбиелеу - біздің міндетіміз»,- дейді студенттер аяльнсының өкілдері. Дәстүрлі лагерге 14 аймақ пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан әскери-патриоттық клубтар мен бірлестік мүшелері келді. Төрткүндік шарада олар нысананы көздеп ату, кедергілерден өту сияқты спорттық жарыстарға қатысып, бақ сынайды. Сонымен қатар, өрендер сарбаздардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, Құрлық әскері институтын аралап көреді.
Жасұлан Қуандық, «Алматы Студенттер альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры:
Бұл жоба біткеннен кейін біз міндетті түрде кері байланыс жасайтын боламыз қатысушылармен. Қандай әсер алды? Жоба барысында, басталмас бұрын, қатысушылардан міндетті түрде сауалнама толтыртып алдық. Лагерь басталғанға дейінгі олардың ой өрістері және сезімдері қандай. Лагерь біткеннен кейін де «фитбәк», яғни қайта байланыс орнататын боламыз. Анкета толтыртып, әлеуметтік желілер арқылы олардың негізгі өзгерістері мен ойын білуге мүмкіндік аламыз.
Алмат ӘБДІРАМАН