Apple 14 млрд доллар айыппұл төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Apple 14 млрд доллар айыппұл төлеуі мүмкін

18.09.2019

Еуропалық сот Apple компаниясына қатысты тарихтағы ірі айыппұл ісін қарастырып жатыр. Еурокомиссияның айтуынша, америкалық корпорация Ирландияға 14 миллиард доллардың салығын төлемеген. Бұл операциялар салықтық жеңілдіктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылса керек. 

Яғни, компания Ирландияда жұмыс істегені үшін 1 пайыз немесе одан да төмен пайыз салық төлеп келген. Ал, Еурокомиссия жекелеген компанияларға мұндай басымдық беру Одақтың заңына қайшы деп есептейді. Apple болса, салықтарды Ирландия мен Америка заңдарына сәйкес төлегенін айтып, қомақты қаржыны беруден бас тартып отыр. Ал, Дублин Еурокомиссияны елдің ішкі істеріне араласып, қызметін асыра пайдаланды деп айыптады.

Еуропалық сот бұл іс бойынша соңғы үкімді бірнеше жылдан кейін шығаруы мүмкін. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу