Павлодарда жастарға арналған семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жастарға арналған семинар өтті

17.09.2019

Павлодарда «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасының кезекті жиыны өтті. Оған 18 бен 29 жас аралығындағы 200-ге тарта жас қатысуда. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы өкілдер барды. Оларға елімізге танымал жас саясаткерлер, блогерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары бизнес ашу, жастар саясаты, жастарға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізеді. Семинар, тренингтер ұйымдастырылады.

Олжас Сүлеймен, сарапшы:

Үш тақырыпты қозғаймын деп отырмын. Шетелде, болмаса елімізде білім алу. Білімнің маңыздылығы. Және мына қоғамдық ұйымдарда белсенді болу. Сосын өзім кәсіпкер болғандықтан жастарды кәсіпкерлікке шақырғым келеді. Өйткені жастарымыз жұмыс іздемей жұмыс орнын ашатын болса, ол деген еліміздің дамуына, жастарымыздың дамуына үлкен бір септігін тигізеді деп ойлаймын.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу