Қазақстан Doing Business рейтингінде 140 мемлекеттің арасында 28-ші орында тұр. 2025 жылға қарай алғашқы 20 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. «Бұл мақсатқа жету үшін жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі қажет»,- деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Сонымен қатар, экономикаға қаржы құятын инвесторларға қолайлы жағдай жасап, инвестициялар ағымын арттыру керектігін айтты. Бизнеске қолайлы жағдай жасау талабы жыл өткен сайын күрделеніп, күшейе түсуде. Мәселен, соңғы уақытта инвесторлар жеті түрлі санатқа мән беретін болған. Олар: бизнесті жүргізудің жеңілдігі, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы, кедендік ресімдеудің тиімділігі, халықтың орта және жоғары білім деңгейі, сондай-ақ тәуелсіз кредиттік рейтингтер.
Үкімет отырысын қорытындылаған Премьер-Министр Асқар Мамин министрлер мен облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Өңірлердің әкімдері реформаларды іске асыру және бизнес жүргізуге инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар жасау, инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмысты күшейтуі қажет. Барлық негізгі бағыттар бойынша өңірлердің рейтингі жүргізілетін болады.
Ербол Мәндібек