ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Жақсы ауданындағы «Айбат» ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен «ТНК» агрофирмасының «Урожай» серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады.