«Welcome to Aqtóbe» атты өңір тарихындағы алғашқы телехикая көпшілікке таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Welcome to Aqtóbe» атты өңір тарихындағы алғашқы телехикая көпшілікке таныстырылды

16.09.2019

Ақтөбеде өңір тарихындағы алғашқы ситком түсірілді.

«Қазақстан» Ұлттық арнасының облыстық филиалы өз күшімен жүзеге асырған жобаны көпшілікке таныстырды. «Welcome to Aqtóbe» телехикаясы AQTÓBE телеарнасының жаңа маусымға ұсынған басты жаңалығы. Телехикаяда аудан, қала және шетелден келген жастардың қызықты өмірі суреттеледі. Телехикая 10 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің ұзақтығы 20 минут. Жаңа туындыны көрермендер 22-қыркүйектен бастап облыстық арнадан көре алады. Сондай-ақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясына енетін барлық өңірлік филиалдар өз эфирінен көрсетуге ынта білдіріп отыр.

Марат Телеуов, режиссер:

Кастингке 200-ден астам жас қатысты. Ең талантты 4 қыз бен 4 жігітті іріктеп алдық. Әзірге 10 сериядан тұратын телехикаяның алғашқы маусымын ұсынып отырмыз. Көрермендердің көңілінен шықса жалғасын түсіру ойымызда бар.

Ж.КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу