Испанияда алапат тасқыннан қаза тапқандар саны 6-ға жетті. Тағы бірнеше адам із-түссіз жоғалып, оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бірнеше күн толассыз жауған жауыннан жергілікті өзендер арнасынан тасып, елдің оңтүстігін түгел тасқын жайлады. Одан Валенсия, Мурсия, Андалусия қалалары аса зардап шегіп отыр. Табиғи апаттан үйлерді бел ортадан су басып, көлік және теміржол қозғалысы бұзылған. Ал Мурсия мен Аликанте қалаларында әуежайдың жабылуына байланысты жүздеген турист діттеген жеріне уақтылы жете алмады.
Сонымен қатар, қауіпті аймақтардан 3,5 мыңға жуық адамды эвакуациялауға тура келген. Қазір апат салдарымен күресу үшін 1жарым мыңнан астам әскери маман жұмылдырылып, құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ