Халықтың көңілінен шыққан Жолдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың көңілінен шыққан Жолдау

16.09.2019

Бүгін Достық үйінде өткен мәжіліс кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен осылай деді. Жолдау ел арасында үлкен дау тудырған жер туралы сұраққа нүкте қойды. Әрі халықпен тиімді кері байланыс орнату, адамдардың зәру мәселесін жедел шешуге бағытталды. 

Ассамблея құрылғалы алдымен түрлі ұлыстар мен этникааралық байланыстардың құқықтық базасы бекіді. Наным-сенім мен тіл мен ділді алалауға жол берілмеді. Президент өз Жолдауында елдегі тұрақтылық мемлекеттігіміздің басты тірегі екенін айтты. Сонымен қоса, қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, қарым-қатынас тіліне айналуын шегелеп тапсырды. 

Шаймардан Нұрымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мемлекеттік тіл ел аралық тілге айналуы тиіс. Біз қолдап жатырмыз.

Отырысқа қатысушылар қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін көп іс тындыруымыз қажет екендігін айтты. Білген кісіге қазақтың тілі - жер бетіндегі сөйлермені ең көп 70 тілдің қатарына қосылған тіл. Басқасын айтпағанда, әлем мойындаған дана тұлға Абайдың тілі. 

Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатар бағдарламаға айналды. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған құжатта әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған қазақстандықтардың жағдайын жақсартудың нақты міндеттері айқындалды. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу