Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 13 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 13 пайызға төмендеді

16.09.2019
Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 13 пайызға төмендеді

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республика кәсіпорындарында 757 жазатайым оқиға орын алды, нәтижесінде 848 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13% – ға төмен (2018 жылдың 8 айында – 975 адам), оның ішінде – 95 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 28% - ға төмен (2018 жылы-133 адам).

Бұл ретте жарақаттанудың өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалады. Павлодар облысында өлім-жітім жағдайларының саны артты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көбі тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында байқалады – 96 адам немесе 15% және құрылыс саласында – 65 адам немесе 10%.

2018 жылдың қортындысы бойынша техникалық инспекторлар еңбек жағдайына 70 735 тексеру жүргізді, оның барысында 126 737 ескерту анықталды және жойылды. Республика кәсіпорындарында 14 792 өндірістік кеңес құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер тарапынан қабылданған еңбекті қорғау саласындағы кешенді шаралар өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді.

Хабарламаларға жазылу