Шамалғандағы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Орын алған жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтау мақсатында ҚР ІІМ мен ҚР ИИДМ қызметкерлері есебінен комиссия құрылып, оқиға орнына жіберілді», делінген хабарламада.