Еліміздегі ерекше балаларға ерешке қолдау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ерекше балаларға ерешке қолдау қажет

15.09.2019

Шымкентте өздігінен жүре алмайтын балалары бар он шақты әйел қала әкімімен кездесуді талап еткен. Олар мүгедек балаларын арнаулы оңалту орталығына орналастыра алмай жүрген көрінеді. Араларында жұмыс істейтін ата-аналар жұмысынан айырылып қалам, деп уайымдайды... Ресми статистика бойынша, 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Президент жолдауында:

Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет.

Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, - деген. Айтпақшы, Шымкенттегі мүгедек баласымен сабылған әйелдер барғысы келген орталыққа ақша бөлінбеген.

 Қанша қиналса да, ондай балаларын ата-аналары бағып отыр. Ал арнайы интернаттарда жатқан балалар ше? Өткенде Қостанай облысында арнайы үйдегі бөбектер адам шошитын жағдайда жатыр, оларды тіпті хайуан сияқты нөмірлеп қойған деген ақпарат тараған. Екінші жағынан, ондай мекемелерде істейтін қызметкерлердің айлығы...

Тамыздың екінші жартысында Президент әлеуметтік желідегі парақшасында ... олардың өтінішін естідім, келесі жылы Үкімет қарайды, деп жазды. Демек айлық дәл қазір шешілмейді.


Хабарламаларға жазылу