Павлодар облысында аса қауіпті қылмыскерге іздеу жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында аса қауіпті қылмыскерге іздеу жарияланды

13.09.2019

Оны ұстау үшін Баянауыл ауданы, Аймауытов ауылына барған полиция қызметкерлері қарсылыққа тап болған. Күдікті мен оның туысы Майқайың кенті полиция бөлімі бастығын соққыға жығады. Құқық қорғау қызметкерлерінің мәліметіне қарағанда Тасыбаев бұған дейін бірнеше мәрте сотталған. Тонау, ұрлық жасау, ұрып-соғу,қарақшылық, кісі өлтіру деректері бойынша жауапқа тартылып, психологиялық диспансерде есепте тұрғандықтан түзеу мекемесіне жіберілмеген. Мәжбүрлі түрде ақыл-есі ауысқандарды емдейтін жабық типтегі стационарда ем қабылдайды. Ал, биылғы жылдың шілде айында сот-психиатриялық сараптамасы күдікітінің сап-сау екендігі жайлы шешім шығарған. Қылмыскер соңғы рет көлік ұрлағаны үшін айыпталған.

Жасұлан Садықов, Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының басшысы:

Оның қайда жасырынғаның тауып, ұстамақшы болған сәтте полиция капитаны Сүлейменовты Тасыбаевтың туысы күректің сабымен басынан соғып миына зақым келтірді.Сондай-ақ жақ сүйегі жарылған. Қазір капитан Екібастұз қаласының ауруханасында жатыр. Тасыбаевқа ресми түрде іздеу жарияланды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу