Жатақхана салу - табысты бизнес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жатақхана салу - табысты бизнес

13.09.2019

Университет немесе жатақхана салам деушілерге тиімді ұсыныс. Енді мемлекеттік тапсырыспен студенттерге арнап ғимарат салатын жеке кәсіпкерлерге әр орын үшін 122 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төленеді. Осының жай-жапсарын түсіндіру үшін Білім және ғылым министрлігі мен қаржы орталығының мамандары Түркістандық кәсіпкерлермен кездесті. Жатақхана салуға ниеттілер алдымен қаржы орталығына өтінім тастап, келісімшартқа отыру тиіс. Ғимаратты салып біткен соң, оған әр студентке 318 мың теңге төленеді. Яғни, 500 орындық жатақхана иесіне жылына 160 млн теңге беріледі. Төлем мерзімі- 8 жыл. Демек, осы аралықта 1 млрд 280 млн табыс табуға болады. Жалпы аталған бағдарламаға бюджеттен 152,8 млрд теңге бөлінген. Бүгінге кәсіпкерлермен 10 келісімшарт жасалыпты. Соған сәйкес биылдың өзінде 5 мың орындық жатақхагна пайдаға беріледі деген жоспарда. 

Алпамыс Айдарұлы, «Қаржы орталығы» АҚ Студенттік Жатақханаларға Операторлық ЕТУ Департаментінің Сарапшысы:

Жатақхана жаңадан салу міндет емес, қонақ үйді, тойхананы, кез келген ғимаратты қайтадан салу арқылы эксплуатацияға енгізер болса, әр орынға 47 АЕК көлемінде, яғни 120 мың теңге төленеді. 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу