Украина Донбасста бейбітшілік орнатуға арналған «жол картасын» әзірлеп жатыр.
Оны іске асыру мерзімі анық көрсетілмек. Мұны президент Владимир Зеленский финляндиялық әріптесімен Киевте өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Және де Зеленский жаңа «жол картасын» осы айда «Норманд төрттігі» форматында, яғни, Ресеймен, Германиямен, Франциямен талқылауға үміт білдірді.
Айта кетсек, Украина өзінің шығысында Мәскеуге арқа сүйеген күштермен бес жылдан беріп соғысып жатыр. 2015 жыл Минскте жасалған ымыраға қарамастан, содан бері бұл әскери жанжалдан 13 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Арыстан РЫСБЕК