Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге сомасында зейнетақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге сомасында зейнетақы төленді

13.09.2019
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге сомасында зейнетақы төленді

2019 жылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері - 1029,7 млрд теңге бағытталды.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 млн 190 мың адамды құрады.

enbek.gov.kz


Хабарламаларға жазылу