Жазушы Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден озды

13.09.2019
Жазушы Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден озды

Танымал жазушы, журналист Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден озды.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Өзінің еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ, радиода, республикалық басылымдарда қызмет атқарып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көп жылдар бойы ұстаздық етті.

Өзінің шығармашылық еңбек жолында 800-ден астам публицистикалық мақалалар, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу» тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындады. «Әуезовке – іңкәрлік», «Біртуарлар болмысы» эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы, «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген.

Хабарламаларға жазылу