«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбай аймақтық филиал басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбай аймақтық филиал басшыларымен кездесті

12.09.2019
«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбай аймақтық филиал басшыларымен кездесті

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай коропрацияның аймақтық филиал директорларымен кездесу өткізді.

Жиында 2019 жылдың 8 айы бойынша филиалдар қызметінің көрсеткіштері талқыланды.

«Аймақтық арналар ішкі теленарықта дербес жұмыс жүргізіп, аудиторияны кеңейтуді қолға алуы тиіс. Контент сапасын арттырып, талапшыл да сыншыл көрерменнің сұранысына жауап беру қажет», - деді Басқарма төрайымы.



Аймақтық арна басшылары жаңа телевизиялық маусым бойынша жұмыстарын баяндап, өзара пікіралмасу жүргізді. Сонымен қатар, «Aktõbe» телеарнасы түсірген «Welcome to Aqtobe» телехикаясы таныстырылды. Бұл - арнаның өз күшімен түсірген екінші киножобасы. Өткен жылы аймақтағы көрерменге «Бір түп алма ағашы» атты көркем фильм ұсынған болатын.



Корпорация басшысы өзге де аймақтық телеарналарға сапалы киноконтент өндіру тәжірибесін енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына 14 аймақтық арна, 4 республикалық телеарна, 4 радио кіреді.

Хабарламаларға жазылу