Латвия жұрты қазақтың бай мәдени мұрасына тағы бір куә болды. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі «Сәуле» қазақ мәдени орталығымен бірігіп, «Шуақты Қазақстан» атты кеш ұйымдастырды. Мәдени шара Латвиядағы Қазақ мәдени орталығының құрылғанына бір жыл толуына орай өткізілді. Орталықтың мақсаты — Қазақстанды, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, мәдениетін көпшілікке паш ету. Шара барысында қазақстандық жастар ән мен биден шашу шашып, латвиялықтарға ұлттық өнерді дәріптеді. Қазір Балтық жағалауындағы бұл елде 300-ден астам қазақстандық тұрып жатыр.
Татьяна Рубенице, Қазақстанның бұрынғы азаматы:
Маған бұл жерде қазақтың қонақжайлылығы, кеңпейілділігі жетіспейді. Латвиялықтар өте ұстамды. Сезімін аса білдіре бермейді. Туған-туыстарымды, елімді қатты сағынамын. Осындай мәдени шаралар жиі өтіп тұрса, елге деген сағынышымызды сәл де болса басар едік.
Нұрсұлу ҚАСЫМ