Елімізде Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады

11.09.2019

Елімізде Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында тиісті келісімді ратификациялау туралы құжат мақұлданды. Банк энергетика, жасыл экономика, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау сияқты салаларды қаржыландырады. Сонымен қатар кәсіпкерліктің тынысын кеңейтеді. Құжатта Қазақстанның заңнамалық актілерде көзделмеген валютаның айырбасталуы, қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ банктің активтері мен кірістерін салықтан босату жөніндегі нормалар белгіленеді. Ал жеке компаниялар тікелей осы қаржы ұйымына шығып, несие ала беруіне мүмкіндік бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобасы болса, екінші оқылымда мақұлданды. Ол депуттатардың бастамасымен әзірленген еді.

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

Заң жобасы 124 мемлекеттік қызметті оңтайландыруға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін орташа 9 күнге қысқартылуына, 3,5 мың нормативтік актілердің қысқартылуына бағытталады.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу