ҚР Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті

11.09.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды. Екі күндік сапар аясында Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі бірнеше кездесу өткізеді. Қазақстандық делегация құрамында бірқатар министр мен квазимемлекеттік компания басшылары да бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін түске дейін Қытай Коммунистік Партиясы орталық комитетінің саяси бюро мүшесі, аталған партияның сыртқы істер бойынша тобының басшысы Ян Цзечимен кездесті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VI отырысының ашылуына да қатысып, сөз сөйледі. 

Айта кету керек, бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде Қытайға алғашқы сапары. Түстен кейін Президент әріптесі Си Цзиньпинмен және Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу