Нұр-Сұлтанда ІІ Жасыл өсім форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда ІІ Жасыл өсім форумы өтті

10.09.2019

Жер шарында ауа температурасы көтеріліп келеді. 2001 жылы 3 млн жылдықта болмаған ыстық жаз орын алды. Теңіз мұзының деңгейі де көтеріліп, жылдам ери бастады. Жаһан қазір осындай қауіптің алдында тұр. Сол себептен жасыл экономика мәселесіне бүкіл әлем қауымдасуы тиіс. Бүгін Елордада «Астана» халықаралық қаржы орталығының жасыл өсімге арналған ІІ форумы өтті. 

Қазір Қазақстанда жасыл қаржыға арналған реттеуші база құру ісі қолға алынған. Оның үстіне Экологиялық кодекс әзірленіп жатыр. Жасыл қаржымен байланысты бірқатар инновациялар ісі де ілгеріленуде. Жалпы, Қазақстан – посткеңестік елдер арасында жасыл экономикаға көшкен алғашқы мемлекет. Ауаның ластануын төмендету, энергия мен жылуды тұтыну көздерін азайту сынды жобаларды дамытуға басымдық беріліп жатыр. Дегенмен, әлемге ортақ проблема көп. Оларды шешу жолдары 3 күн өтетін форум барысында талқыланбақ. 

Церинг Тобгай, Бутан Корольдігінің экс примьер-министрі: 

Мен негізгі проблемаларды айттым. Ол күннің күрт жылынуы, теңіз мұзының көтерілуі. Бұған бейжай қарамауымыз керек. Адамзат климаттың өзгеруін қалыпты жағдай деп қабылдай берсе, соңы жақсы болмайтыны белгілі. Ол үшін "жасыл қаржы" ұғымын енгізіп, соңғы технологиялар арқылы балама көздерін ұсынуымыз қажет. 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу