Атаулы әлеуметтік көмек жаңа өмір бастауға көмектеседі - Павлодар облысының тұрғыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа өмір бастауға көмектеседі - Павлодар облысының тұрғыны

10.09.2019
Атаулы әлеуметтік көмек жаңа өмір бастауға көмектеседі - Павлодар облысының тұрғыны

Арыс қаласынан Павлодар облысының Майқоңыр ауылына қоныс аударған Серік Жәдігердің отбасы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға дән риза. Қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) және басқа да төлемдерді алып, жаңа өмір бастады.

Көпбалалы үйдің отағасы Серік Жәдігер 2017 жылы елдің солтүстік өңірлерінің біріне көшу туралы шешім қабылдады. Қоныс аударуға, бірден бір себеп бала кезінен мүгедектігі бар, 5 күрделі ота жасатқан 5-сынып оқушысы қызы Әсемай Кәрім болды. Қыз баланың денсаулығы шұғыл түрде климат жағдайының ауысуын қажет етті.

«Біздің алты баламыз бар. Биылғы жылдың сәуір айында бізге 1567200 теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, ай сайын 130600 теңге аламыз. Сондай-ақ, бізге жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға 176750 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл ақшаға біз сиыр сатып алдық. Енді біз дүкеннен сүт өнімдерін сатып алмаймыз – бәрі табиғи. Тағы бізге «Отау ТВ» телевизиялық приставкасын орнатып берді. Әрине, туған өлкемізді сағынамыз, бірақ бұл жақта да бізге өте ұнайды», – деді Серіктің жұбайы Маржан Нәлібаева. 

Ертіс аудандық мәслихатының шешімі бойынша, бұл көпбалалы отбасының 4 баласын мектепке дайындауға 50500 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем көрсетілді.

«Серік Жәдігер тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Енді ол «Майқоңыр ауылы әкімінің аппараты» КММ-де жүргізуші болып жұмыс істейді. Оның жұбайы Маржан Нәлібаева Майқоңыр ауылдық клубына техникалық қызметкер болып жұмысқа тұрғызылды», – деп хабарлады Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Гүлнар Камалова.

Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында Серік Жәдігерге ұсақ мал өсіру үшін 1 млн 500 мың теңге сомасында микрокредит алуға көмек көрсетілді. Бұл қаражатқа ол өзінің жеке қосалқы шаруашылығы үшін 50 бас қой сатып алды.

«Біздің отбасымызға жаңа орында нақты көмек көрсетілді, балалардың мектепке керек-жарағын да алуға да көмектесті, жұмысқа да орналастырды. Ал АӘК-тің көмегімен отбасымның әл-ауқаты айтарлықтай жақсарды. Енді біз жақсы өмір сүріп жатырмыз деп айта аламын», деп Серік Жәдігер өз ойымен бөлісті.

enbek.gov.kz

Хабарламаларға жазылу