Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте оқушылардың сынып еденін жууы бастамасына қатысты пікір білдірді.
«Ең алдымен мұндай мәселе Білім және ғылым министрлігінің күн тәртбінде тұрған жоқ. Екіншіден, бүгінгі күні ел ауқымында жүзеге асырылмайды. Үшіншіден, мектеп бюджетінде тиісті қаражат пен әкімшілік-техникалық қызметкер штаты қарастырылған. Төртіншіден, мұндай жұмыстарға оқушылардың бастамасымен және ата-аналардың келісімімен ғана рұқсат етіледі», - деді министр БАҚ өкілдеріне.
inform.kz