Мемлекет басшысы Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

10.09.2019
Мемлекет басшысы Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды»,-деп жазды Б.Уәли.

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу