Атыраулық 4 баланың анасы Фатима Төлеева Президент жолдауынан кейін, қонақ үй ашамын деп бекініп отыр. Жаңа бизнес түрін бастауға, жолдаудағы ұтымды жеңілдіктер түрткі болыпты. «Мемлекет басшысының мәлімдемесі, келешек кәсібіміздің кеңеюіне жол бастады» – дейді іскер ана. Жігерлі жанның табысқа толы өмір жолы, тілшіміздің бейнематериалында
Үйдің ұйытқысы болған Фатима Төлеева үшін ең бірінші орында отбасы тұрады. Өйткені, бірлігі бекем жанұя, қашанда игілікті істің бастамашысы.Оны кәсіптің диірменіне салып, қазанында қайнатқан өз анасы екен.
Фатима Төлеева, кәсіпкер:
Мамам бір айдай базарға сүйреді.
Бүгінде кәсіпкердің жұмсақ жиһаз сататын дүкені мен рестораны бар. Отбасылық бизнестің арқасында 80-нен астам адам жұмыспен қамтылды.
Аймұхан Төлегенұлы, мекеменің құрылыс жөніндегі орынбасары :
Қарамағында жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбегін әрқашанда бағалайды. Жас мамандарымызға да көмек көрсетіп жатыр. Жыл сайын алатын еңбекақыларына үстеме ақы қосып, еңбектеріміз бағаланып сыйақы алып тұрамыз.
Фатима Набидоллақызы отағасы екеуі балаларымен ақылдасып тағы бір жаңа істі бастауды жоспарлап отыр. Оған Мемлекет басшысының жолдауы түрткі болыпты.
Фатима Төлеева, кәсіпкер:
Жолдаудан кейін, шынымызды айтсақ, отбасымызбен біздерге тағы шабыт келді. Қонақ үй саламыз деген. Мен айтам ғой, 3 жылдың ішінде үлгереміз ба үлгермейміз ба, бірақ қонақ үй салатын жоспарымыз бар.
Жолдау жүктеген міндеттер, бизнес иелеріне тың серпін берді. Мәселен бүгінге дейін өңірде 85 кәсіпкер құны 4 млрд. теңгеден асатын несие алған. Олар үшін Президент пәрмені, пайдаға кенелтер негізгі тетік болмақ.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ