«Апта» қонағы- ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Апта» қонағы- ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев

08.09.2019

«Саяси трансформациясыз, саяси реформаларсыз экономикалық реформалар жылжымайды». Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 ай бұрын The Wall Street Journal басылымына интервью бергенде айтқанына біз сілтеме жасаған едік.

Енді Президент қызметіндегі алғашқы жолдауына сілтеме:

«Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.

Сондықтан біз саяси реформаларды кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз»,- дей келе...

«Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз»,- деген.

Демек қоғамдық-саяси өмірді жаңғыртпау, турасын айтқанда реформаларды жүргізбеу мүмкін еместігі мойындалған.

Митингтер туралы айтқаны да маңызды:

«Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс».

Белгілі саясаттанушы, Президент көмекшісі Мәулен Әшімбаев «Апта» бағдарламасының қонағы.


Хабарламаларға жазылу