Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы жиыны да өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мынадай сөздерін келтіреміз:
«Шын мәнінде, баламасыз, бастамасыз және белсенділіксіз даму болмайды. Осы үш кит ілгерілеуді қамтамасыз етеді».
«Қазақстанның қазіргі сыртқы идеологиясында «халық жауы», «бесінші колонна», «ықпал ету агенттері» сияқты түсінік жоқ. Бұл біз үшін жат нәрсе. Біз өз азаматтарымыздың адалдығы мен патриоттығына нық сенеміз».
Ашу-ыза, реніш, наразылықтың неден шыққанын көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азамат бағамдай алады. Бірақ ешкім сиқыршы емес. Иә, өзгерістерді бөтен біреу де жасап бермейді. Және ол келіссөз, компромистермен ғана жүреді. Бірақ ешнәрсеге қарамай, «мылтықсыз майданда» шүріппе басылмауы керек. Кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың сөздері елең еткізді. Бағдарлама соңында береміз.
Ал Президент Twitter- дегі парақшасында былай деп жазды: «Қордаланған түйткілдерге жаңа шешімдер ұсыну қажет. Саяси жүйені жаңғыртуға, әлеуметтік және экономикалық саясатты жандандыруға, құқық қорғау және сот органдарын реформалауға бағытталған ҰҚСК мүшелерінің үздік идеяларын осы жұмыс барысында қолданамыз».