Жалпы, осы несиені өтеуге қатысты халықтың көкейінде сауал көп. Оның негізгі шарттары қандай, нақты кімнің кредиті кешірілді? Осы және өзге сұрақтарға бізге сұхбат берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев жауап берді.
Нариман Мұқышев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Осы жылдың 1 маусымына дейін алынған кредиттер ғана кешіріледі. Егер несие осы датадан кейін алынса, ол адамдар біздің тізімге енбейді. Тізімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрды. Адамдар 5 түрлі категория бойынша іріктелді. Оның ішінде көпбалалы аналар, мекен - жай бойынша әлеуметтік көмек алатындар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар бар. Осындай кісілерді есептегенде 2 миллион 200 мың адам шықты. Алайда олардың тек 505 мыңы біздің критерийлерге сай келді. Басты шарт — кредиті 3 миллион теңгеден аспау керек. Тағы бір маңызды тұсы – несие алушының құжаттары коллекторлық агенттіке жіберілмей, банкте болуы керек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ