Мемлекет басшысы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

05.09.2019
Мемлекет басшысы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Вагит Алекперов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстандағы жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтты. Олар мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Қазақстан Президенті еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.

«Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу