Жетім көрсең, жебей жүр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жетімдер мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасылардың балаларына білім гранттарын тапсырды.
Мемлекеттің бұл қамқорлығына 49 қам көңіл түлек ие болды. Олардың оқуына қала қазынасынан 57 миллион теңге бөлінген. Әрі бұған дейін дәл осындай гранттарға ие болған тәлімгерлердің оқуын жалғастыруға тағы 70 миллион теңге қарастырылған.
Жалпы, елорда әкімдігі жетім көңіл, жарымжан жастардың алаңсыз білім алуын ұдайы назарда ұстап келеді. Әрі олардың оқу тәмамадаған соң тұрақты жұмысқа тұруын да қадағалайды. 2008 жылдан бері дәл осындай гранттармен оқу бітірген 304 студенттің осы күнге дейін 243-і жұмысқа орналасқан. Жастарға жұмыс тауып беру мәселесін қала әкімдігі Жастар жылында да жалғастырамыз деп отыр.
Айбек Қобдабай