Ақордада Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына қатысушылармен кездесті. Кездесу барысында Марат Тәжин форум Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқанын айтты. Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушылардың назарын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі тезистеріне және оларды іске асыру қажеттігіне аударды. Қонақтар жоғары деңгейде және мазмұндық толыққанды ұйымдастырған шараға Қазақстан басшылығына, сонымен қатар қызықты пікірсайыстарға ризашылық білдірді.