Мұнай-газ саласы мамандарының ІІІ слеті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-газ саласы мамандарының ІІІ слеті өтті

04.09.2019

Ұрпақ тәжірибесі және бүгінгі энергия – келешек игілігіне. Газ саласында еңбек ететін жас мамандардың үшінші Слеті осындай ұранмен өтті. Ұлттық газ операторы "ҚазТрансГаз" компаниясы жастардың жұмысқа ынтасы мен жауапкершілігін арттыру үшін ерекше тәсіл қолданды. Үш күн бойы олар жастарды жігерлендіріп, сергітетін шаралар өткізді. 

Газ саласы мамандары биыл үшінші мәрте бас қосып отыр. ҚазТрансГаздың еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» компаниясы осылай бірлікті бекемдеуге, кәсіби шыңдалуға және ашық алаң жасауға ден қойған. Бұл кіші буынның тұлғалық әрі іскерлік тұрғыдан дамуына үлкен сеп,-дейді. Мына «Галстуксыз көшбасшы» сессиясында сөз алғандар, жас та болса бір-бір ұжымға бас.  

Әлімжан Балмұханов, Орал желілік өндірістік басқармасының басшысы:

Осындай жақсы үлкен керемет форум өткізіп бізге үлкен тәжірибе беріп жатыр. Келешекте де біз осы компанияның арқасында үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймыз. Жастар өте қабілетті. 

«Интергаз Орталық Азия» компаниясы магистральды газ құбыры бойынша ұлттық оператор. Алыс-жақын шет елдегі салалас кәсіпорындармен үздіксіз тәжірибе алмасады. Жастар одан кәсіби қалыптасуда. Ал слетте белгілі бизнес-жаттықтырушы Андрей Левченко дұрыс бағыт сілтеді, жастардың жігерін қамшылады. 

Андрей Левченко, бизнес-жаттықтырушы:

«ҚазТрансГаздың» мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл компания Сізге, әрбір жасқа - оқуға, жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Өсуге мүмкіндік берді. Бұдан артық не керек. Адами капиталды дамыту қашанда маңызды. Компания соны жақсы түсінеді және өте дұрыс істеп отыр.  

Компаниядағы қызметкерлердің орта жасы 33. Ал жалпы газ саласындағы жастардың үлесі 30%-дан асады. Сол себепті серпілту, сергіту-дегенге ерекше көңіл бөледі. Яғни корпоративтік мәдениет пен ұжымдық рухты қалыптастыруда қарышты қадам жасап отыр.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу